Спорт және туризм

Газ мекемесі қызметкерлері жеңімпаз атанды

Газ мекемесі қызметкерлері жеңімпаз атанды

Ақыртөбе ауылында салауатты өмір салтын насихаттау және ауыл тұрғындарын бұқаралық спорттық іс-шараларға белсенді түрде қатыстыру арқылы жастар арасында дене шынықтыру мен жалпы спортты кеңінен дәріптеу мақсатында «Спорт – денсаулық кепілі» ұранымен волейболдан мекемелер арасында жарыс ұйымдастырылды. Жалпы 6 команда қатысып, жарыс нәтижесі бойынша І-орынды Ақыртөбе жерасты газ қоймасының ұжымы, ІІ-орынды Ақыртөбе ауылдық округі әкімі аппаратының ұжымы, ІІІ-орынды аудандық ЖАСТАР құрама командасы иеленді.  

Марат ДИХАНБАЙ, журналист. Т.Рысқұлов ауданы.