- Advertisement -

Шырғалаң

39

- Advertisement -

Өмірім менің бұрылыс және шырғалаң,
Қарап артыма, қуанам кейде мұңданам.
Құладым қанша, жазықты болдым қанша рет,
Аяқталмастан қалды-ау ісім мыңдаған.

Серігім болшы, қасымнан кетпей жыр-қалам,
Өзіңсіз тіпті аппақ қағаздай былғанам.
Жырымды ешкім тыңдамай кетсін, көндім мен,
Тек өзім үшін, жүрегім үшін жырланам.

Жер-Ана, енді өзіңе ғана үн қағам,
Ойдың түбінде діңкәсі құрып жүр балаң.
Адам болған соң өкініп жүріп өткенге,
Қарап артыма бұлданам тағы жынданам.

Куә бол маған қарайып тұрған мың ғалам,
Қателікпенен, шалыс басудан шыңдалам.
Басыма түскен сынаққа мүлде қарамай,
Өмірдің асау толқындарымен ырғалам.

 

 

Серіжан ТЕМІРБЕК,
М.Х.Дулати атындағы
Тараз өңірлік университетінің
1-курс студенті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support