- Advertisement -

Өрлегім келеді

298

- Advertisement -

Япырмай, досым, қарашы өмір өткелін,
Замана сырғып, уақыттың зулап өткенін.
Сағым арманның соңынан қуып жүргенде,
Өтіпті-ау міне, он сегіз күзім, көктемім.

Көрінді арман, қол былғап заңғар алыстан,
Арманым үшін талай алысып, жарысқам.
Арманым, арман қалпында қалды қайтейін,
Мен болам бейбақ, жаралы, соқыр арыстан.

Япырмай, досым, тарқатшы менің шерімді,
Тартшы гитара, көрсетші маған емімді.
Шәмшіні тартшы, Мұқаштың жырын қосып айт,
Құрысып тұрған босатшы буын, белімді.

Қайдасың досым? Қайдасың менің пырағым?
Мен емес па едім, қанаты сынған қыраның?
Қайда жолдастар, қуанған кезде қаптайтын,
Келсеңші енді, соқырға ұстатып шырағын.

Қайдасың ана, кең баурыңа бас мені,
Балаң бүлінді, үзілердей боп жас демі.
Бұл өлеңімді жаныңа басып сабылма,
Жазғанда балаң аш па еді, әлде, мас па еді.

Құрысын менің жалғанның нұрын емгенім,
Пендеуилерден ешқандай қызық көрмедім.
Арыстан емес, пенде де болғым келмейді,
Өрлегім келеді, қыран боп көкте өрлегім.

Өрлей алмасам жеткен жерімде жерлегін…

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support