- Advertisement -

Жырларым, өс жайқалып

202

- Advertisement -

Жер-бесікте тербелем,
Арманымды арқалап.
Өмір ығын іздеймін,
Өлеңімді қалқалап.

Құлатпасын құзар шың,
Құлатпасын жарқабақ.
Әлсіз құлды әрдайым,
Аллам жүрші қорғалап.

Өлең барда өлмеймін,
Ғасырлық бер қаламға.
Жүректен сөз жүрекке,
Жетіп жатса жаман ба?

Жылаған жан жұбансын,
Жылу алып адамдар,
Жырды жаттап жеткізсін,
Заманнан бір заманға.

Арынды ет шабытты,
Өмір өтіп кеткенше.
Жырым өлме жайқалып,
Гүлзар бақтай, көк белше.

Жырлағаным мың артық,
Көз-жасымды төккенше.
Ақындығым серік бол,
Көр-есікке жеткенше.

 

Гүлсара ШАЛҚАР,
ақын.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support