Жаңалықтар

Оңаша қалғанда

Оңаша қалғанда

Ағаааау, Қайғыма ортақпын деп едің кезінде, Қайғырсам неге мен жалғыздық сезінем? Елдермен жүргенде өтірік күлемін, Оңаша қалғанда бордай боп езілем. Сен бірақ жасыма деп едің бұрында, Өмірлік жолым тұр әп-сәтте бұрылған. Ойымды қайтемін қапасқа тығылған, Бойымды қайтемін тұра алмай жығылған. Өзіңнің ер жету белгісі деп едің. Еліме енді не беремін? Әкемді жоқтап-ап жылайтын жүрегім, Әлі де бала боп қалғысы келеді. Бұл кезді мен қашан жеңемін?

***

Ақ пенен қара алмасқан, Күндері тізбек жалғасқан. Қылшылдап тұрар қолыңда, Өмірдің өзі – алдаспан. Жолығар небір жолында, Бағың ба, әлде, сорың ба? Жамандар кетер жөнімен, Жақсылар қалар жаныңда. Көресің бақты бағалы, Көресің сыйды жағалы. ...Жауды аяған деуші еді, Болады өзі жаралы. Көресің өмір бұрысын, Көресің өмір ұрысын. Жазықсыз жанды жаралап, Алмаса екен қылышың. ...Жүрістеріңнен жаңылма. Сорың бар әлде, бағың бар. Қылшылдап тұрған қылыштай, Өмірің сенің қолыңда!  

Гүлсара ШАЛҚАР, ақын.