Әдебиет

Әкемдей асыл екен деп...

Әкемдей асыл екен деп...

Адамның бәрі әкемдей асыл екен деп, Махаббат бағын мәңгілік жүрем мекендеп, Ойлаушы едім, тоймаушы едім қиялға. Қол созсам, сол бір сағымға енді жетем бе? Жетпесім анық бұлыңғыр тартқан сағымға, Ілесе алмай өмір деген бұл ағымға. Әкені қатты сағынып соғар жүрегім, Ойлаған кезде ауырып кетер жаным да. Әкесі барлар бақытты неткен жан еді. Әкенің жаны тап-таза кірсіз ән еді. Жанымның жазсам сағыныш-шерін жырыммен, Жетер ме екен о дүниеге бұл сәлемім?!  

Гүлсара ШАЛҚАР, ақын.