Жылыжайдан 10 миллион табыс тапқан
Жылыжайдан 10 миллион табыс тапқан
– Кәсіп бастауға қанатқақты жобаның көп көмегі тиді. Жобамды «Тараз» әлеуметтік- кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ мақұлдап, кәсібімді жүзеге асыру үшін сегіз миллион теңгені 2,5 пайызбен берді. Кооператив тарапынан да көп көмек болды. Қазір жұмысымыз жанданып, үш жылдан бері өнімін Қаратау мен Тараз қаласындағы сауда нүктелері мен әлеуметтік дүкендерге өткерудеміз, – дейді ол. Жылыжай 20 сотық жерге орналастырылған. Онда қызанақ өсірілуде. Көкөністі баптаумен кооперативтің агрономы Қанат Алдабергенов айналысуда. Оның айтуынша, жылыжай жаз айларынан бөлек тоғыз ай жұмыс істейді екен. Мұнда бірінші айналымда қияр, екінші айналымда қызанақ өсіріледі. Оның әрбірінің өсіп, өнім беру уақыты төрт айды құрайды. Әрбір айналымда жылыжайдан 20 тонна өнім жиналуда. – Бұл жылыжайды салу үшін кәсіпкер қанатқақты жобаның бесінші бағыты аясында 8 миллион теңге несие алған болатын. Қазіргі таңда алған несиемізді толық жауып тастадық. Биыл жылыжайдан 10 миллион теңге табыс таптық. Алда жылыжай көлемін бір гектар алқапқа арттыру жоспарымызда бар, – дейді Қанат. Бүгінгі таңда жылыжайдың 18 сотығына қызанақ отырғызылса, екі сотығына қияр орналастырылған. Тұқымды шетелден агромагазиндер арқылы арнайы тапсырыспен алдыруда. Негізгі тұқым голландиялық сұрыптар болып саналады. «Бір түп қызанақтан 4-5 килограмм өнім жиналады. Қазір қызанақтар пісіп жатыр. Өнімін арнайы қораптарға салып Қаратау мен Тараз қалаларына жеткізудеміз. Жылыжай тамшылатып суғару арқылы ылғалдандырылады», дейді кәсіпкер. Жылыжай көмірмен жылытылуда. Күніне кәсіпкер ондағы температураны сақтап отыру үшін бір жарым тонна көмір тұтынады. Мұнда көмірді кооперативтің жүкавтокөліктері жеткізіп беруде. – Бүгінгі таңда өнімнің 90 пайызы салып тұр. Жақында қызанақты толық жинап алып, орнына қиярды орналастырамыз. Оны көктем қарсаңында нарыққа шығаратын боламыз. Осылайша бір жылда жылыжайдан қырық тонна өнім жиналуда, – дейді Қанат Алдабергенов.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Талас ауданы.