- Advertisement -

Қарақат Әбден Аралға атбасын бұрды

34

- Advertisement -

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қарақат Әбденнің ел өңірлеріндегі үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда. Бұл жолы кандидаттың Қызылорда облысындағы сайлауалды кездесулері өтті. Ол жақын және шалғай жатқан елді мекендердің жағдайымен танысып, Арал қаласына атбасын бұрды.

Облыстағы үлкен аймақтардың бірі болып саналатын Арал қаласында ол жергілікті халықпен жүздесіп, сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Бұдан бөлек, кандидат осы өңірде ұлттық және отбасылық құндылықтарды негізге алып, кәсібін дөңгелетіп отырған бірқатар отбасылық бизнес өкілдерімен кездесіп, әңгімелесті.

Аралда қозғалған маңызды тақырыптар Қызылорда қаласындағы кездесуде жалғасын тапты. Жиын барысында қоғамдағы өзекті мәселелер, өскелең ұрпақ пен жастар тәрбиесі, отбасы институтының мәні талқыланды.

Үміткер Қарақат Әбден ел аймақтарын аралап, 13 қала мен бірнеше ауылдық елді мекенде 20-дан астам кездесу өткізді. Алдағы уақытта ол Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Жамбыл облыстарының сайлаушыларымен кездесу өткізеді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support