- Advertisement -

Жигули Дайрабаев жеңіл өнеркәсіпті қолдады

101

- Advertisement -

«Ауыл» партиясынан ҚР Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев «DANMARD» ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесті. Кездесу барысында кандидат олармен еңбек адамының рөлін арттыру және елдегі жеңіл өнеркәсіптің жай-күйі мәселелерін талқылады.

«DANMARD» ЖШС әскер мен өрт сөндірушілерге киім тігеді. Кандидат өзінің сайлауалды науқаны аясында еңбек адамының рөлі мен маңыздылығын арттыруға қол жеткізуді жоспарлап отырғанына, мемлекеттік тапсырыстардың әділ бөлінуі тиіс екеніне тоқталып, ұлттық және квазимемлекеттік компаниялар тек импорттық тауарларды сатып алатынын атап өтті.

Экономиканың осы саласын жандандыру және дамыту үшін ұлттық компаниялар отандық өндірісті қолдауы керек. Нарықтық экономиканың өз заңдылығы бар, бірақ бізде отандық өнеркәсіп басымдыққа ие болуы керек, – деді кандидат.

Сонымен қатар үміткер өңірлерде, әсіресе ауылдық жерлерде жеңіл өнеркәсіпті дамытуды ұсынды. Бұл көптеген мәселелерді шешуге септігін тигізер еді деген ойымен бөлісті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support