Әкімшілік айыппұлдарды өндіру – өзекті мәселе
Әкімшілік айыппұлдарды өндіру – өзекті мәселе
Осы кеңесте салынған әкімшілік айыппұлдарды толық өндіріп алу, сондай- ақ салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіру барысында заң талаптарының сақталуына бағытталған бірлескен іс-шаралар атқару жайы талқыланды. Кеңесті облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров ашып, күн тәртібінде қаралып отырған мәселенің маңызы зор екенін атап өтті. Облыстағы әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу жағдайы туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің облыс бойынша басқарма бастығының орынбасары Г.Б.Дүйсембекова баяндады. Кеңес барысында облыстың қала, аудандарына бөліп қарағанда айыппұлдарды өндіріп алудың ең төмен пайызы: Жуалы ауданында – 78%, Талас ауданында – 77%, Тараз қаласында – 71%, Т.Рысқұлов ауданында 68% құрап отырғандығы айтылды. Айыппұлдарды өндіріп алу және олардың бюджетке түсуі бойынша тиісті шараларды қабылдау қажеттігі туралы аталған аудан әкімдерінің назарларына жеткізілді. Сонымен қатар Мойынқұм, Жамбыл, Меркі аудандарындағы органдардың жұмысын атап өту қажет, олар өндіріп алудың 87% пайызын құрағандығы, сонымен қатар облыста органдармен айыппұлдың 1 млрд. 302 миллион теңгесі немесе 27%-ы әлі күнге дейін өндірілмегендігі атап өтілді. Сондай-ақ полиция органдарымен жеке сот орындаушыларға айыппұл салу туралы қаулыны ерікті түрде орындау мерзімі өткеніне қарамастан мәжбүрлеп орындатуға жібермеу және айыппұл салынған әкімшілік істер бойынша қажетті толық сомаға ауыстыру немесе тоқтату туралы шешімдер қабылдау секілді кемшіліктер айтылды. Өзара талқылау барысында айыппұлдарды мемлекеттік бюджетке өндіруге бағытталған бірлескен іс-шаралар нақтыланып, жиынды Нұржан Календеров қорытындылады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.