- Advertisement -

Әкімбековтер топ жарды

67

- Advertisement -

Абай облысы, Үржар ауданында құсбегіліктен тұңғыш әлем чемпионаты мәресіне жетті. Әлем біріншілігін ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, ҚР ұлттық спорт қауымдастығы, Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы, Абай облысының әкімдігі ұйымдастырды.

Салтанатты шарада Абай облысы әкімінің орынбасары Ш.Байбеков, «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының» директоры Б.Сәбитов спортшылар мен қонақтарды құттықтап, сәттілік тіледі.

Аталған чемпионатқа әлемнің жеті елінен 100-ден аса спортшы келді. Қазақстан, Моңғолия, Қырғыз, Түркия, Ресей, Украина, Қытай елдерінен 61 бүркіт, 20 қаршыға, 15 ителгі қатысты.

Әлем біріншілігінде спортшылар «бүркіт», «қаршыға», «ителгі» бойынша сынға түсті. Ұлттық құрама мүшелері Қазақстанның намысын абыроймен қорғады. Бұл айтулы додада меркілік әкелі-балалы Әкімбековтер топ жарып, жарыс тұғырынан көрінді.

Жалғас Әкімбеков құсбегіліктен ҚР бірнеше дүркін чемпионы, 2016-2018 жылғы Қырғыз мемлекетінде өткен дүниежүзілік көшпенділер ойынының екі мәрте жеңімпазы. Ұлдары Бақдаулет, Серікболсын, Берікболсын да ұлттық спорт, оның ішінде құсбегілік пен жамбы атуға әбден шыңдалған.

Атап айтсақ, Бақдаулет Бабажан еліміз бойынша құсбегіліктен 6 дүркін жеңімпазы, спорт шебері. Жамбы атудан Корея мемлекетінде өткен әлем чемпионатының жеңімпазы, Азия чемпионы.

Серікболсын құсбегіліктен спорт шебері, ҚР 5 дүркін чемпионы, Азия жүлдегері. Бүркіт салудан әлем чемпионы атанып отыр. Жамбы атудан ҚР жастар арасындағы чемпионы. Берікболсын қаршыға салудан Азия чемпионы, ҚР бірнеше дүркін чемпионы, спорт шебері.

 

 «Aq jol»-Aqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support