Шу
Шу
Аудан әкімдігінде облыс әкімдігінің Дін істері басқармасы жанындағы Дін мәселелерін зерттеу орталығының қолдауымен «Гуонлен» жастар орталығы семинар өткізді. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ оқытушысы, дінтанушы Сәкен Омаров діни мәселелерге кеңінен тоқталып, тыйым салынған ағымдар, дін мен білімнің, дін мен саясаттың байланысы турасында әңгіме өрбітті. Сондай-ақ, семинарда «Гуонлен» жастар орталығының жетекшісі Р. Бакиров, Шу аудандық орталық мешітінің бас имамы Қ. Мұсаев, Проваслав шіркеуінің діни қызметшісі И. Погорелов сөз сөйледі.