- Advertisement -

Тараз атауын қайтарған қайраткер

325

- Advertisement -

Тәуелсіздік орнаған тұста, қоғамда аласапыран өзгерістер болып жатты. Сонда облыстық «Aq jol» газетінің атқарған еңбегі ерен еді. Ол кезде Тараз қаласындағы көше атауларының 85 пайызы орысша аталған болатын. Облыстық басылымда жүріп жер-су аттарын қайтаруда ол кісі көп еңбек сіңірді. Қай жаққа бара жатқанда кімге хабарласу керек екенін алдын ала айтып отыратын. Тұнып тұрған үлкен білім иесі еді.

Тарихтан да, әдебиеттен де айта беретін. Еш уақытта шаршамайтын. Бірдеңені ұмытып қалып сұрасаң, тосылмай төгіліп айтып бере беретін. Бақытяр Әбілдаұлының қаланың ономастикалық комиссия мүшесі болып еңбек еткен жылдары қаланың орталық көшелеріне үш бидің атын беруге де зор үлес қосты. Ол кезде көше атын өзгерту оңай шаруа болған жоқ.

Одан кейін мектептердің атын өзгерту басталды. Сол жылдары Карл Маркс мектебі орыс мектебі болатын. Жалпы қалада санаулы ғана қазақ мектептері бар еді. Соның барлығын айтысып-тартысып жүріп қазақшалады. 1997 жылы Тараз қаласының атауының өзгеруіне де тікелей еңбегі сіңді. Свердлов ауданының атын Байзақ деп атау мәселесін де Мемлекет басшысына жеткізді. Қаладағы ескерткіштердің орналасуына да көп еңбек сіңірді. Тараздың орталығындағы қолбасшы Қойгелді батыр ескерткішінің бой көтеруіне осы кісі айтарлықтай атсалысты. Өмірде өте қазақи адам еді. Барлық адамға көмектесуге дайын тұратын.

Таңертеңнен кешке дейін алдынан адам үзілмейтін. Жұмыста шаршамайтын. Таңнан кешке дейін қарбаласып жатқан газет тіршілігіне еш мойымайтын. Алдына келген материалды ұзақ ұстап отырмайтын. Тіпті дәлізде оқып, жазып, қол қойып жіберетін. Әрбір мақаланы жылдам оқитын өте сауатты кісі еді.

 

 Әділбек БАҚҚАРАЕВ,

облыстық мемлекеттік архивінің архивисі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support