- Advertisement -

Санамызға сілкініс жасаған қаламгер

214

- Advertisement -

Бақытяр Әбілдаұлы өткен ғасырдың 60,70,80 жылдары осы облыстық «Aq jol» газетіндегі ең маңдайалды журналистің бірі болды. Тіпті ең атақтысы, халыққа белгілісі деп айтар едім. Біріншіден, ол кез келген тақырыпта сауатты жазды. Басқа журналистер секілді емес, экономикалық, саяси бөлімдерде де абыройлы жұмыс істеді.

Екіншіден, өте жылдам жазатын еңбексүйгіш кісі еді. Үшіншіден, журналистиканың барлық жанрларын жақсы меңгерген адам еді. Ол кісіге фельетон, болмаса очерк, суреттеме жазу деген оңай еді. Тіпті халықаралық шолуларды да емін-еркін жасай беретін. Ол кезде облыстық газеттерде халықаралық шолулар көп болған жоқ. Оны Мәскеуден, Алматыдан арнайы адамдар келіп жазатын. Ол кісінің сондай сауаты жоғары болатын. Одан кейін біздің ешқайсымыз жазбайтын тарихи тақырыптарды көтерген осы кісі еді.

Былайша айтқанда, кеңестік жүйенің тарихынан санамызды сілкіген кісі болды. Күллі халыққа туған өлкеміздің тарихын, Айша бибі, Қараханнан бастап таныстырған Бақытяр Әбілдаұлы еді. Бір күні тарихи орындарды іздеп іссапардан келіп, таңертең жұмысқа келсем ол кісі жазу үстелінде отыр екен. «Бәке, кішкене демалмайсыз ба, кеше келдіңіз ғой, ең болмаса ой қорытпайсыз ба?», десем маған «Жол бойы не бітірдім, ойымды қорытып келдім ғой», деп жауап берді. Мінекей, ол кісі осындай еді. Сонымен қатар ол облыстың сан- саласындағы мекемелермен, саяси ұйымдармен, шаруашылықтармен адами қарым-қатынасы жоғары еді. Соларға сөзін өткізе алатын. Жас журналистерге де көп көмегі тиді. Ол журналист қана болған жоқ, үлкен жазушы болды. Оның ерен еңбегі, мол мұралары ешқашан ұмытылмауы тиіс!

 

Елен ӘЛІМЖАН,

халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының

лауреаты, жазушы-драматург.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support