Интернет пайдаланушыларқатары арта түспек
Интернет пайдаланушыларқатары арта түспек
– Бүгінгі таңда облыста 367 ауылдық елді мекеннің 135-і жоғары жылдамдықты 4G мобильді интернетімен, 62-сі 2G, 170-і 3G төмен жылдамдықты интернетпен қамтылған. Биылға арналған жоспар бойынша 163 елді мекен 4G жоғары жылдамдықты интернетімен қамтамасыз етілетін болады. Әзірге «Кар-Тел» ЖШС жалпы 60 елді мекеннің 38-інде 4G-мен қамту жұмыстарын аяқтады. Жоспардан тыс Байзақ ауданының Ақжар ауылын, Жуалыдағы Кәріқорған ауылын, Қаратау қаласының бір бөлігін 4G мобильді байланысымен қамтамасыз етті. 22 елді мекеннің 11-інде 3G-мен қамту жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ «Кселл» АҚ 27 елді мекенді интернетпен қамтуды жоспарлаған болатын. Оның 16-сында жұмыстар аяқталды. Ал 3G мобильді байланысымен 11 елді мекенді қамту көзделсе, оның 7-еуінде жұмыстарды аяқтады, – деді ол өз сөзінде. Басқосу барысында облыс әкімі Нұржан Нұржігітов ауылдардағы мектептердің толығымен жоғары жылдамдықты интернетке қосылуы тиіс екенін, елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернетпен және ұялы байланыспен қамту жұмыстарын мүмкіндігінше жылдамдату қажеттігін баса айтты. Бұл күні сондай-ақ «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен серпіліс» Ұлттық жобасындағы 12 көрсеткіштің іске асу барысы да талқыланды. Бүгінде жобада көрсетілген 7 индикатор орындалса, 5 индикатор бойынша жұмыстар әлі жүргізілуде. Жиын соңында аймақ басшысы салаға жауапты тиісті тұлғалардан жеке-жеке жауаптар алып, нақты міндеттер жүктеді.
«Aq jol»-Aqparat».