- Advertisement -

Интернет пайдаланушыларқатары арта түспек

111

- Advertisement -

Жыл соңына дейін Жамбыл жерінде 163 елді мекен 4G жоғары жылдамдықты мобильді интернетімен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы цифрландыру саласындағы өзекті мәселелер қаралған кеңесте айтылды. Облыстық әкімдікте өңір басшысы Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен басқосуда облыс әкімінің орынбасары Ерболат Ибрайханов ауылдық елді мекендерді «талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтамасыз ету бойынша 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасының» орындалуы туралы баяндады. Ерболат Мақсұтханұлының айтуынша, Жол картасына сәйкес, 74 елді мекендегі 183 мемлекеттік мекеме талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтылатын болады.

– Бүгінгі таңда облыста 367 ауылдық елді мекеннің 135-і жоғары жылдамдықты 4G мобильді интернетімен, 62-сі 2G, 170-і 3G төмен жылдамдықты интернетпен қамтылған. Биылға арналған жоспар бойынша 163 елді мекен 4G жоғары жылдамдықты интернетімен қамтамасыз етілетін болады. Әзірге «Кар-Тел» ЖШС жалпы 60 елді мекеннің 38-інде 4G-мен қамту жұмыстарын аяқтады. Жоспардан тыс Байзақ ауданының Ақжар ауылын, Жуалыдағы Кәріқорған ауылын, Қаратау қаласының бір бөлігін 4G мобильді байланысымен қамтамасыз етті. 22 елді мекеннің 11-інде 3G-мен қамту жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ «Кселл» АҚ 27 елді мекенді интернетпен қамтуды жоспарлаған болатын. Оның 16-сында жұмыстар аяқталды. Ал 3G мобильді байланысымен 11 елді мекенді қамту көзделсе, оның 7-еуінде жұмыстарды аяқтады, – деді ол өз сөзінде.

Басқосу барысында облыс әкімі Нұржан Нұржігітов ауылдардағы мектептердің толығымен жоғары жылдамдықты интернетке қосылуы тиіс екенін, елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернетпен және ұялы байланыспен қамту жұмыстарын мүмкіндігінше жылдамдату қажеттігін баса айтты.

Бұл күні сондай-ақ «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен серпіліс» Ұлттық жобасындағы 12 көрсеткіштің іске асу барысы да талқыланды. Бүгінде жобада көрсетілген 7 индикатор орындалса, 5 индикатор бойынша жұмыстар әлі жүргізілуде.

Жиын соңында аймақ басшысы салаға жауапты тиісті тұлғалардан жеке-жеке жауаптар алып, нақты міндеттер жүктеді.

 

 «Aq jol»-Aqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support