- Advertisement -

Зиялы қауымды қолдауға шақырды

83

- Advertisement -

«Ауыл» партиясынан Президенттікке кандидат Жигули Дайрабаев Абай облысының жұртшылығымен кездесулер өткізді, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.

Кандидат Жигули Дайрабаев және оның командасы Абай облыстық кітапханасында жергілікті зиялы қауыммен кездесу өткізді. Жиында кандидат бағдарламасының маңызды бағыттары – дала демократиясының қағидаттары, қоғамның қазақ халқының мәдениеті мен әдебиетін, қазақ ойшылдары еңбектерінің құнды үлгілерін сақтауға қатысуы талқыланды.

«Менің ойымша, аймақтардағы жергілікті зиялы қауымды қолдау қажет. Жасыратыны жоқ, олар өз қаражаты есебінен өмір сүреді, мемлекет оларға қаржылық қолдау көрсетпейді. Дегенмен олардың ұсыныс-пікірлері ең биіктегі билікке жетуі үшін жағдай жасау маңызды. Ол үшін жергілікті қауымдастықтар жүйелі түрде кездесулер өткізіп, ұсыныстар қалыптастырып, талдаулар жүргізіп, оларды жергілікті билікке жеткізуі керек. Мұндай тәжірибе, мысалы, Жапонияда сәтті іске асқан. Бұл дала демократиясының «Халық даналығы – ел игілігі үшін» атты негізгі бағыттарының бірі», – деді Ж.Дайрабаев.

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support