- Advertisement -

Өңірлік штабқа барды

117

- Advertisement -

Президенттікке үміткер Қарақат Әбденнің ел өңірлеріндегі үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда. Кеше ол Қызылорда облысының өңірлік сайлауалды штабына атбасын бұрды.

Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін бұл аймақта 100-ден астам адам жұмылдырылғаны белгілі. «Бүгін Қызылордадағы штабтың жұмысымен таныстым. Қызылорда облысы – еліміздегі ең ірі аймақтардың бірі. Жергілікті штабта 10 қызметкер, 100 волонтер жұмыс істейді. Штаб өкілдері аудан және ауыл тұрғындарымен де кездесу өткізеді. Жұмыс үйлесімді әрі талаптарға сәйкес іске асуда», – деді Қарақат Әбден.

– Жергілікті тұрғындар көбінесе әлеуметтік тақырыптарға қатысты сауал жолдайды, тұрғындармен кері байланыс жақсы дамыған. Жалпы алғанда, сайлаушылар Қарақат Әбденнің әлеуметтік бағдары басым бағдарламасын қолдайды, – деп жеткізді өңірлік штаб жетекшісі Маржан Бисенова.

Сонымен қатар штабтың үгіт-насихат жұмысы әртүрлі санаттағы азаматтарды қамтиды. Мүмкіндігі шектеулі жандар да назардан тыс қалып жатқан жоқ. Штаб мүшелері сайлаушылардың үйін аралап, үміткер бағдарламасы жайлы мәлімет беріп жүр.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support