- Advertisement -

Жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту – басты назарда

94

- Advertisement -

Өзіндік ерекшелігі көп Қылмыстық-атқару жүйесі саласында шешімін тапқан мәселелер жетерлік. Соның бірі – сот үкімімен кінәлі деп танылған жазасын өтеушілерді ақылы жұмыспен қамту. Осылайша, оларды қоғамға бейімдеу әрі мемлекет және жәбірленуші алдындағы талап-қарыздарын жабуға жәрдемдесу.

Бүгінгі таңда өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде 201 адам жазасын өтейді. Сотталған азаматтардың 169-ы мекеме басшылығы тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында «екі қолға бір күрек» тауып отыр. Мәселен, «Villa-Cтрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 24 жазасын өтеуші еңбек етеді. Мұнда олар дәнекерлеу құралын жетік меңгергендіктерінің арқасында темірден түйін түйіп, халыққа қажетті материалдар жасап шығарады. Бұдан бөлек, ақауы байқалған жеңіл автокөліктердің қосалқы бөлшектерін қалыпқа келтіруге күш салады.

Айта кетейік, қолынан іс келетін сотты болған азаматтар еркіндікке шыққаннан кейін аймақтардағы азаматтық кәсіпорындарында жұмыс істеу мүмкіндігіне ие.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support