- Advertisement -

Жамбыл облысында 74 елді мекен талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтылады

124

- Advertisement -

Ағымдағы жылдың соңына дейін өңіріміздегі 163 елді мекен жоғары жылдамдықты (4G) мобильді интернетімен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте айтылды.

Басқосуда цифрландыру саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары Ерболат Ибрайханов ауылдық елді мекендерді  «талшықты – оптикалық байланыс желісімен қамтамасыз ету бойынша 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасының» орындалуы туралы баяндады. Жол картасына сәйкес 74 елді мекендегі 183 мемлекеттік мекеме талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтылатын болады.

— Бүгінгі таңда 367 ауылдық елді мекеннің 135-і жоғары жылдамдықты 4G мобильді интернетімен, 62-сі 2G, 170-і 3G төмен жылдамдықты интернетпен қамтылған. 2022 жылғы жоспар бойынша жоғары жылдамдықты 4G мобильді интернетімен 163 елді мекен қамтамасыз етілетін болады. Қазіргі таңда, «Кар-Тел» ЖШС жалпы 60 елді мекеннің 38-інде  4G-мен қамту жұмыстары аяқталды. Жоспардан тыс, Байзақ ауданы Ақжар ауылын, Жуалы ауданы Кәріқорған ауылын және Қаратау қаласының бір бөлігін 4G мобильді байланысымен қамтамасыз етті. 22 елді мекеннің 11-де 3G-мен қамту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, «Кселл» АҚ-мен жалпы жоспарланған елді мекен саны – 27. Оның ішінде, 4G мобильді байланысымен қамтамасыз етуге жоспарлаған 16 елді мекеннің барлығында жұмыстарды аяқтады. Ал, 3G мобильді байланысымен қамтамасыз етуге жалпы жоспарлаған 11 елді мекеннің 7-де жұмыстарды аяқтады,-деді Ерболат Ибрайханов.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support