Жаңалықтар

Жамбыл облысында 74 елді мекен талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтылады

Жамбыл облысында 74 елді мекен талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтылады

Ағымдағы жылдың соңына дейін өңіріміздегі 163 елді мекен жоғары жылдамдықты (4G) мобильді интернетімен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте айтылды. Басқосуда цифрландыру саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары Ерболат Ибрайханов ауылдық елді мекендерді  «талшықты – оптикалық байланыс желісімен қамтамасыз ету бойынша 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасының» орындалуы туралы баяндады. Жол картасына сәйкес 74 елді мекендегі 183 мемлекеттік мекеме талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтылатын болады.