- Advertisement -

Екі боксшымыз Азия чемпионатында

109

- Advertisement -

Қазіргі таңда ел назары бокстан Азия чемпионатына ауып тұр. Сары құрлық бәсекесінде Қазақстан құрамасы ерлер арасында 13 салмақ бойынша сынға түсіп жатса, оның екеуі жамбылдық боксшылар. Атап айтқанда, 71 килограмда Асланбек Шымбергенов ( жеке бапкері Ермек Ертаев), 67 килограмда Дулат Бекбауов ( жеке бапкері Нұрлан Ақүрпеков). Дулаттың алғашқы қарсыласы түркімен боксшысы болса, Асланбек филиппиндік боксшыға қарсылас атанады деп күтілуде.

Әзірге Қазақстан құрамасынан Санатәлі Төлтаев жарыс жолынан шығып қалды. Өзге боксшылар Азия чемпионатын жеңіспен бастады. Мұнда қыздар арасында да Азия чемпионаты қатар өтуде. «Қайрат Сәтжанов бастаған Қазақстан құрамасы өте жақсы дайындықпен келді. Оқу-жаттығу жиыны, іріктеулер сәтті өтті. Енді нәтижесі де жақсы болады деген сенімдеміз. Дегенмен қиын жекпе-жектер өтіп жатыр. Басқа елдердің құрамаларын да осал деп айту қиын. Қазір барлық мемлекет жақсы дайындықпен келеді. Алайда ел сенімін ақтау жолында барымызды саламыз», дейді тәжірибелі бапкер Нұрлан Ақүрпеков.

 

 Есет ДОСАЛЫ

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support