Кубокты Қарағанды иеленді
Кубокты Қарағанды иеленді
Ойын барысында барлық командалардың тас-түйін дайындықпен келгені көрініп тұрды. Оның үстіне мерекелік даталарға орай ұйымдастырылған доп додасына қатысушылардың көңіл-күйі де жоғары болды. Жарыс соңында жеңімпаздарды марапаттау алдында Жамбыл филиалының төрағасы Жұман Сәменов командаларды жоғары деңгейде дайындап, турнирге белсенді қатысқаны үшін Мәди Қонысбаев (Екібастұз), Данияр Еңсебаев (Атырау), Қуаныш Таутанов (Қарағанды), Көмек Асанов (Арыс), Ерлан Мұқановты (Тараз) марапаттап, естелік сыйлықтар табыс етті. Сондай-ақ жарыс барысында «Үздік ойыншылар» қатарынан Салғазы Тынысалым (Арыс), Ержан Айтжанов (Атырау), Алдияр Нұрсұлтанов (Қарағанды) көрінсе, «Үздік шабуылшы» аталымына Арыс байланыс және белгі беру дистанциясының қызметкері Абылай Әбілхайыр ие болды. Тартысты өткен доп додасының нәтижесінде үшінші орыннан Атырау локомотив пайдалану депосының ойыншылары орын теуіп, оларға марапатты Жамбыл филиалының өкілі Еркін Өтешов табыс етті. Екінші орынға ие болған Арыс байланыс және белгі беру командасын Қазақстан теміржолы салалық кәсіподағы Шымкент филиалының төрайымы Назима Салықбаева табыстады. Бұл жолы кубокты Қарағанды иеленді. Бірінші орын жеңімпаздары – Қарағанды локомотив пайдалану депосының командасына марапатты Жамбыл филиалының төрағасы Жұман Сәменов табыс етті. Сонымен қатар қатысушылардың барлығына естелік сыйлықтар берілді.
Амангелді ӘБІЛ