- Advertisement -

IT академия ашылды

316

- Advertisement -

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында IT академиясы ашылды. IT академиясының мақсаты – ХХІ ғасырдың дағдылары мен құзыреттіліктерін қалыптастыру: білім алушылардың ақпаратпен жұмыс істей білу дағдыларын, технологиялық дағдыларды қалыптастыру.

IT академиясының ашылуына облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы Бейқұт Жамангозов, облыс әкімдігі цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Руслан Нохрабеков қатысты. Сондай-ақ облыстық «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының директоры Еркін Атымтаев, «Novacom Technology» ЖШС директоры М.Р.Абдраманов қатысты. Өз сөзінде Бейқұт Жамангозов мұндай академиялардың жас ұрпақтың келешегі үшін маңызды екенін айтса, Руслан Нохрабеков «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын дамытуға қосылған үлес деп бағалады.

ІТ құзыреттіліктерге ие болған мектеп, колледж және жоғары оқу орындарының түлектеріне болашақта нарықтық экономиканың үрдісіне тиімді енуге және де кәсіби ынтымақтастық пен бәсекелестік жағдайында табысқа жетудің қосымша мүмкіндіктері беріледі, сондай-ақ білім алуды тиімді жалғастыру үшін олардың әлеуеті де артады. Оқыту – тегін.

IT академиясында білім алушылардың әртүрлі санаттарына, атап айтсақ, 10 жастан 50 жасқа дейін барлығына қолжетімді ыңғайлы, ашық кәсіби және жеке даму жүйесі берілетін болады.

Курстардың кең спектрі ұсынылады. ҰБТ-ға дайындық (Информатика пәнінен), робототехника, графикалық дизайн, «Күміс IT» цифрлық сауаттылықты арттыру курсы, компьютерлік модельдеу (3D printing, UV printing, лазерлік құрылғыда жұмыс істеу) бойынша кеңінен жұмыстар жүргізіледі.

 

 Есет ДОСАЛЫ

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support