- Advertisement -

Жүрек жылытқан жылдардың естелігі

47

- Advertisement -

Облыстық «Aq jol» газетінде және облыстық «Jambyl» телеарнаcында ұзақ жылдар абыройлы еңбек еткен Мақұлбек Малдарбеков – қаламы қарымды журналист. Осы кезге дейін оның бірнеше публицистикалық кітаптары жарық көрген болатын.

Мерейлі 70 жасқа толуына орай журналистке лайықты құрмет көрсетілді. Атап айтқанда, қарымды қаламгер, ардагер журналист Мақұлбек Малдарбековтың «Өмір бәйгесінде» атты жаңа кітабының тұсаукесер рәсімі болып өтті. Тұсаукесер рәсіміне филология ғылымдарының докторы Сәмен Құлбарақ, жазушы, «Aulieata-Media» ЖШС бас директоры Оралхан Дәуіт қатысып, жаңа туындының лентасын қиды. Ақын әріптесі Бақытжан Советұлы да ағынан жарылып, игі тілегін жеткізді.

«Жүрек жылытқан жылдарым» атты ардагер журналистің 70 жылдық мерейтойына орай өткен кеште ардагерлер және журналистің әріптестері оның алған белестері мен шығармашылығына кеңінен тоқталып, шын жүректен құттықтады. Қаламгердің шығармаларынан үзінділер оқылып, жазудағы шеберлігі айтылды.

 

 Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support