- Advertisement -

Оңтүстік Кореядан тәжірибе алмасып қайтты

126

- Advertisement -

Астана мен Тараз қаласының дәрігерлер делегациясы медициналық көмекті ұйымдастыру тәжірибесін үйрену үшін Оңтүстік Корея Республикасына барды.

Оңтүстік Корея – әлемдегі технологиялық тұрғыда ең дамыған елдердің бірі екені сөзсіз. Сапар аясында қазақстандық мамандар бірнеше жетекші клиникаларға барды. Олар «Аѕаn» медициналық орталығының, «Samsung» клиникасының, сондай-ақ «Н+Янгджи» клиникасының жұмысымен танысты.

Сондай-ақ, екі күн бойы ASUS 2022 «Ультрадыбыстық хирургияның жаңа дәуірі» халықаралық конференциясына қатысты. Конгресс ұйымдастырушылары облыстық қан құю орт алығының бас дәрігері Гулам Умаровтың, ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы ауруханасының қантамыр хирургі Тимур Искендировтің, облыстық оңалту орталығының бас дәрігері Динара Кәрібаеваның, Астана қалалық ауруханасының уролог дәрігері Нұрболат Кеулімжаевтың постерлік баяндамаларын жоғары бағалады.

Делегацияның екі қатысушысы конференцияда арнайы ойнатылған жүлделерді жеңіп алды. 1500 доллар тұратын ко сметологиялық масканың жүлдегерлері облыстық психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері Серік Жетібаев пен Астана қаласы қалалық ауруханасының 2-ші тамырлы хирургы Асхат Бекбосынов болды.

Сапар өте пайдалы, танымдық және нәтижелі болды, бұл біздің дәрігерлерімізге Оңтүстік Кореяның жетекші клиникаларында оқуға және тағылымдамадан өтуге тамаша мүмкіндік берді.

 

«Aq jol»-Aqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support