Әлеумет

Қыздарға қарағанда ұлдар суицидке бейім

Қыздарға қарағанда ұлдар суицидке бейім

Тараз қалалық №2 емханасында «Саламатты өмір салтын қалыптастыру» тақырыбында семинар өтті. Шараға Тараз қаласы бойынша жалпы білім беретін мектептердің, қалалық емханалардың саламатты өмір салтын сақтау мамандары және «Жастар денсаулығы» орталығының қызметкерлері қатысты.

Жиында сөз сөйлеген «Зер-Күміс» серіктестігінің директоры З.Арынбаеваның айтуынша, қазіргі уақытта жастар арасында саламатты өмір салтын ұстанатындар аз. Яғни, көбісі сырттан тамақтанғанды, зиянды тағамдарды (фаст-фуд) жеуге әуестенген. Сондықтан мейлінше ата-аналар балаларының дұрыс тамақтануын жіті назарда ұстау керек екенін жеткізді. Ал облыстық «Жастар денсаулығы» орталығының маманы Г.Қалдыбаева «Жан- нұр» жастар орталығында қандай жұмыстар атқарылып жатқанына тоқталды. Онда балаларға, жастарға және олардың ата- аналарына жеке психологиялық-құқықтық көмек көрсету, оның ішінде жасырын қабылдау арқылы; Балалар мен жастардың мінез-құлқының «қауіпті» формаларының алдын алу, анықтау және психологиялық түзету; жастар арасында ЖЖБИ, АИТВ/ ЖИТС, нашақорлық және тағы басқалардың алдын алу туралы ақпараттандыруды арттыру; Рационалды тамақтану негіздері және басқа да көмектер көрсетіледі. Семинарда сөз болған негізгі мәселенің бірі – мектеп оқушылары арасында саламатты өмір салтын қалыптастыру және ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында ата- аналарға құлаққағыс ретінде түсіндірме жұмыстарын жүргізе отырып, мектеп оқушыларының денсаулығын жіті назарға алу. Себебі қазіргі уақытта 18 жасқа толмай жүкті болып, есепке алынған жасөспірімдердің саны артқан. Сонымен қатар суицидтің алдын алу да кеңінен талқыланды. Бүгінде қыздарға қарағанда, суицид ұл балалардың арасында жиі орын алатын көрінеді. Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері жоғарыда айтылған тақырыптар бойынша оқушылармен жұмыс істеу қиын екенін жеткізді. Өйткені кейбір ата-аналар балаларымен ашық түрде түсіндірме жұмысын жүргізуге қарсылық танытатынын айтты. Айт а кетейік, Тараз қа ласында 9 «Жастар денсаулығы» орталығы бар. Олар «Жігер», «Жан-нұр», «Садыхан» ОКДМО, ТОО «Almaz Medical Group», «Жастар», «Мейірім» медициналық орталығы және Тараз қаласындағы №6, №7, №9 емханалар.  

 Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.