Сайлауалды үгіт-насихатшылар 6 өңірді аралады
Сайлауалды үгіт-насихатшылар 6 өңірді аралады
– Жигули Дайрабаевтың қатысуымен Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды облыстары мен Шымкент қаласында болдық. Енді тағы 4 аймаққа барамыз. Осы аптаның соңына дейін елдегі 20 өңірдің жартысын аралаймыз, – деді Т.Рахымбеков. Ол атағандай, «Ауыл» партиясы еңбек адамдары бағытында жұмыс істеп жатыр. – Партия тек ауыл мәселелерін ғана емес, қалалық мәселелерді де көтеріп жүр. Халық саяси науқан жұмыстарына белсенді қатысып жатыр. Әртүрлі мәселелерді, сұрақтарды көтеріп жүр. Оның ішінде олар жалақының аздығы, азық-түліктің қымбаттауы, әлеуметтік кәсіпорындардың жұмысы сынды мәселелерді көтереді. Мектеп, денсаулық сақтау мекемелері, балабақшалардың жұмыс істеуі ауыл халқын алаңдатады. Сондай-ақ фермерлерді мемлекеттік қолдау мәселесі, оларға субсидияның берілуі де талқыланады, – деді ол.