Сайлауалды үгіт-насихатшылар 6 өңірді аралады

30

Жигули Дайрабаевтың штабы 6 өңірді аралады. Бұл туралы «Ауыл» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Төлеутай Рахымбеков үгіт-насихат жұмыстары туралы республикалық телеарнаға берген сұхбатында айтып берді.

– Жигули Дайрабаевтың қатысуымен Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды облыстары мен Шымкент қаласында болдық. Енді тағы 4 аймаққа барамыз. Осы аптаның соңына дейін елдегі 20 өңірдің жартысын аралаймыз, – деді Т.Рахымбеков.

Ол атағандай, «Ауыл» партиясы еңбек адамдары бағытында жұмыс істеп жатыр.

– Партия тек ауыл мәселелерін ғана емес, қалалық мәселелерді де көтеріп жүр. Халық саяси науқан жұмыстарына белсенді қатысып жатыр. Әртүрлі мәселелерді, сұрақтарды көтеріп жүр. Оның ішінде олар жалақының аздығы, азық-түліктің қымбаттауы, әлеуметтік кәсіпорындардың жұмысы сынды мәселелерді көтереді. Мектеп, денсаулық сақтау мекемелері, балабақшалардың жұмыс істеуі ауыл халқын алаңдатады. Сондай-ақ фермерлерді мемлекеттік қолдау мәселесі, оларға субсидияның берілуі де талқыланады, – деді ол.

Comments are closed.