- Advertisement -

«Генералдар кеңесі» мүшелерімен саяси науқанды талқылады

229

- Advertisement -

«Генералдар кеңесі» қоғамдық бірлестігінің мүшелері Халықтық коалицияның республикалық штабында сайлау науқаны барысын талқылады. Сондай-ақ үгіт-насихат жұмыстары мен байқаушылар қызметімен танысып, кандидаттың қоғамдық қабылдау бөлмесінде, медиа-штабта болды.

Айта кетейік, Генералдар кеңесінің мүшелері елдегі сайлау науқаны аясында жұртшылықпен кездесулерге белсене араласуда. Олар дауыс беру күні әрбір адам өзінің азаматтық ұстанымын іс жүзінде танытуы маңызды деп есептейді.

Өміртай Бітімов, «Генералдар кеңесі» РҚБ мүшесі: «Генералдар кеңесінің тобы республикалық қоғамдық штаб жұмысымен таныстық. Өзара пікір алмасу барысында өз ұсыныстарымызды ортаға салдық».

Дәулет Салханов, «Генералдар кеңесі» РҚБ мүшесі: «20 қарашаны бәріміз үшін маңызды күн деп санаймыз. Бәріне айтып отырмын, еліміз, жеріміз аман, әрі қарай дами берсін десеңіздер, бәріңіз қалмай отбасыларыңызбен, бала-шағаларыңызбен сайлау учаскелеріне келіп, дауыстарыңызды беріңіздер!».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support