«Генералдар кеңесі» мүшелерімен саяси науқанды талқылады
«Генералдар кеңесі» мүшелерімен саяси науқанды талқылады
Айта кетейік, Генералдар кеңесінің мүшелері елдегі сайлау науқаны аясында жұртшылықпен кездесулерге белсене араласуда. Олар дауыс беру күні әрбір адам өзінің азаматтық ұстанымын іс жүзінде танытуы маңызды деп есептейді. Өміртай Бітімов, «Генералдар кеңесі» РҚБ мүшесі: «Генералдар кеңесінің тобы республикалық қоғамдық штаб жұмысымен таныстық. Өзара пікір алмасу барысында өз ұсыныстарымызды ортаға салдық». Дәулет Салханов, «Генералдар кеңесі» РҚБ мүшесі: «20 қарашаны бәріміз үшін маңызды күн деп санаймыз. Бәріне айтып отырмын, еліміз, жеріміз аман, әрі қарай дами берсін десеңіздер, бәріңіз қалмай отбасыларыңызбен, бала-шағаларыңызбен сайлау учаскелеріне келіп, дауыстарыңызды беріңіздер!».