Құқық

Іздеу жалғасуда. Шұғыл-профилактикалық кешенді іс-шаралар барысында 3,5 мың дана қару алынған

Іздеу жалғасуда. Шұғыл-профилактикалық кешенді іс-шаралар барысында 3,5 мың дана қару алынған

Қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздіктер барысында қызметтік және азаматтық қару ұрланған. Сондықтан полициямен ұрланған қаруды ғана емес, заңсыз айналымдағы қаруды іздеп тауып, тәркілеу бойынша белсенді жұмыс жалғасуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов хабарлады.

Осы жылдың қазан айының соңында Алматы қаласының полиция қызметкерлерімен «қаңтар оқиғасы» кезінде қару сататын дүкендерді тонауға қатысқан 6 күдікті құрықталған. Қаскөйлер қарулардың бір бөлігін сатып, бір бөлігін тығып үлгерген. Жасыру орындары қаланың адам жүрмейтін және әр-түрлі жерлеріне жасақталған. Қарудан бөлек оптикалық көздеу және басқа да аңшылық құралдары табылды», - деді спикер мысал келтіре отырып. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер қару-жарақ қоймаларын анықтауды және залалсыздандыру жұмыстарын жалғастырып келеді. Бұл ретте генерал 1,5 мың дана қаруды өз еріктерімен тапсырған азаматтарымыздың жоғары азаматтық жауапкершіліктерін атап өтті. Өкінішке орай, қазіргі таңда «қаңтар оқиғасы» кезінде ұрланған 2026 дана қарудың қай жерде екені белгісіз. Қаруларды табуға бағытталған жұмыстар жалғасуда.