Құқық

«Рақымшылық жасау туралы» Заң: ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған адамдарға тағайындалған жазалардың мөлшері қайта қаралатын болады

«Рақымшылық жасау туралы» Заң: ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған адамдарға тағайындалған жазалардың мөлшері қайта қаралатын болады

2022 жылғы 2 қарашада Мемлекет басшысы қаңтар оқиғасына қатысқан адамдарға қатысты «Рақымшылық жасау» туралы Заңға қол қойды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес рақымшылық жасауға сәйкес келетін жалпы тұлғалардың шамамен саны 1,5 мыңға жуық адам. Бұл туралы ОКҚ алаңында Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Килымжанов мәлімдеді. Аталған заңды тергеу сатысында және сотталған адамдарға қатысты қолдану бойынша көп жұмыс күтіп тұр.

Оның айтуынша, БП тергеу әрекеттерін жүргізу барысында азаматтардың құқықтарының сақталуы және заңдылығын қамтамасыз етуде. Жаңа мән-жайлар анықталғанына қарай олар жұртшылықтың назарына жеткізілетін болады.