Құқық

Мәсімовтың ісі сотқа жіберілді

The final spritzer

Мәсімовтың ісі сотқа жіберілді

Бүгінгі күні Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Мәсімов тарапынан мемлекетке опасыздық жасау, билiктi күшпен басып алу, билiктiк және лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану жөніндегі қылмыстық істердің тергеуі аяқталды. Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Килымжановтың айтуынша, Бас прокуратура айыптау актісін бекітіп, қылмыстық істі қарау үшін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолдады.

Барлығы 29 құқық қорғау және арнаулы органдардың қызметкерлері күдікті ретінде танылды. Оның 8-і сотта, 20-ы бойынша іс материалдарымен таныстыру жүргізілуде және біреуі бойынша тергеу жалғасуда.