Құқық

Ұсталғандардың арасында 41 ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері, 126 адам адамның соттылығы бар

Ұсталғандардың арасында 41 ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері, 126 адам адамның соттылығы бар

Қаңтар оқиғалары бойынша құқық қорғау органдарымен 5 мыңнан астам сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді. Оның ішінде терроризм актілерімен – 27 іс, жаппай тәртіпсіздіктермен – 131 және адам өлтіру бойынша 146 сотқа дейінгі тергеп-тексеру. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Килымжанов осындай көрсеткіштерді жария етті. Күдікті ретінде 1 612 адам танылды, оның ішінде 787 адам жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін.

Жеке мәліметтерін, денсаулық жағдайын және сипаттайтын факторларды ескеріп, 284 адамның қамауға алынуы ешқайда кетпеу туралы қолхатқа, кепіл, үйқамаққа және жеке кепілгерлікке ауыстырылды.