Президент Ақтаудағы құрылыс мәселесі туралы айтты
Президент Ақтаудағы құрылыс мәселесі туралы айтты
Маңғыстау облысы жұртшылығымен кездесуі барысында Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі мемлекеттік қызмет көрсету сапасына және Ақтаудың сәулеттік келбетіне назар аударды. "Облыс тұрғындарын мазалайтын тағы бір мәселе – коммуналдық қызметтің сапасы. Қазір Ақтау қаласының инженерлік жүйесінің 75 пайызы ескірген. Үкіметке облыс орталығының инженерлік жүйесін қайта жабдықтауға қажетті қаражат бөлуді тапсырамын. Ақтау қаласындағы құрылыс мәселесіне арнайы тоқталғым келеді", - деді Мемлекет басшысы.