Саяси партия құру үшін азаматтардың бастамашыл тобының ең аз санына қатысты талаптар төмендетілді – А. Мұқанова
Саяси партия құру үшін азаматтардың бастамашыл тобының ең аз санына қатысты талаптар төмендетілді – А. Мұқанова
Мемлекет басшысы бастамашы болған саяси реформалар аясында сайлау процесін жетілдіруге бағытталған әлеуметтік желілердегі үгіт-насихатқа рұқсат беру, аумақтық сайлау комиссияларын кәсіби негізге ауыстыру, сайлау қорларына ерікті қайырымдылықтардың шекті мөлшерін белгілеу және т.б. өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова мәлім етті. Оның айтуынша, саяси партияларды тіркеу үшін бірқатар талаптар қойылады.
Сондай-ақ судьялық лауазымдарға конкурстық рәсімдерді онлайн-трансляциялауды енгізуге, норма шығару процесін жеңілдетуге және нормаларды реттеу деңгейлерін нақтылауға, мәслихат төрағасы лауазымын енгізуге бағытталған жекелеген түзетулер енгізілді. Жалпы, заң жобаларын қабылдау жүргізіліп жатқан саяси реформалардың сапалы іске асырылуын қамтамасыз етеді.