- Advertisement -

Балтамырдан 19300 тонна өнім жиналды

72

- Advertisement -

Биыл ауданда қант қызылшасы 730 гектар алқапқа орналастырылды. Бүгінгі таңда оның 636 гектары қазуға түсіп, одан 19300 тонна балтамыр жиналды. Жамбылдық диқандар қызылшаның өнімділігіне айрықша көңіл бөлуде. Тәтті түбірдің қазіргі уақытта гектарға шаққандағы өнімділігі жоғары, соны ескерген аудан басшылығы үстіміздегі жылы «Меркі қант зауыты» ЖШС-на 11300 тонна балтамыр өткізілді.

Аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы Лаурат Амановтың айтуынша, аудан диқандары биыл тәтті түбірді жинауды ерте бастап кетіпті. «Биыл балтамыр алқаптарының шығымы жақсы. Өнімділігі де жоғары. Кейбір алқаптарда өнім гектарына 500-550 центнерден айналуда. Науқан соңына дейін «Меркі қант зауытына» 11695 тонна балтамыр өткізуді жоспарлап отырмыз», деді ол.

Қант қызылшасын жинауға алғашқылардың бірі болып Нуритдин Бегманов жетекшілік ететін «Қызыл Дихан» өндірістік кооперативі және «Тастөбе» шаруа қожалығы кіріскен еді. Өндірістік кооператив әзірге 41 гектардан 2399 тонна өнім жинаса, «Тастөбе» шаруа қожалығы 45 гектар алқаптың әр гектарынан 520 центнерден өнім алып, 1560 тонна қызылша жинап үлгерген. Оның 1519 тоннасы «Меркі қант зауытына» өткізілген.

«Меркі қант зауыты» жауапты науқанға дайындығын өз деңгейінде қамдаған. Қант тапшылығын болдырмау мақсатында зауыт үздіксіз жұмыс істеуде. Ағымдағы жылы қант қызылшасы өнімінің сатып алу бағасы тоннасына 30 мың теңгені құрайды. Яғни, қант зауыты өткізілген өнімнің тоннасына – 15 мың теңге төлесе, мемлекет тарапынан – 15 мың теңге субсидиялануда. Шаруалар өнімді өткізуде түзілетін ұзын-сонар кезектің азайғанына да дән риза.

 

 Ильяс ҚАЛЫБЕКҰЛЫ,

журналист.

Жамбыл ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support