- Advertisement -

Штаб мүшелері Жамбыл жерінде

81

- Advertisement -

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабының мүшелері өңіріміздің зиялы қауымымен, этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен, педагогтермен, студенттермен және облыстың көпбалалы аналарымен кездесу өткізді.

Ең алдымен штаб мүшелері Тараз қаласындағы «Даңқ» мемориалды кешенінде Әулиеата өңірінің зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің, «Amanat» партиясының әрі қоғамдық штабтың төрағасы Ерлан Қошанов ұлттық салт- дәстүр құндылықтары, қазақ руханиятын дамыту мәселелері туралы ой қозғады.

Сондай-ақ «Ақжол» партиясының төрағасы, республикалық коалицияның мүшесі Азат Перуашев еліміздегі кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі өзінің ой-пікірімен бөлісті. Өз сөзінде Қазақстанның Еңбек Ері Мұқаш Ескендіров жастарды еңбекке баулу жөнінде әңгіме қозғады.

Сонымен қатар өңірдегі зиялы қауым өкілдері атынан еңбек ардагері Масат Берік, «Ақбұлақ» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нілзия Рақышева, медицина ғылымдарының докторы Сағындық Ордабеков, ақын, «Құрмет» орденінің иегері Үміт Битенова сөз алып, ұлт руханияты, жастар болашағы, ел тағдыры туралы ойларымен бөлісті.

Ал этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен болған кездесуде штаб басшысы Ерлан Қошанов бүгінде кез келген қоғамды дамытудың басты шарты – келісім екенін атап өтті.

«Адамдар бір-бірін тыңдаудан, түсінуден қалатын болса, бұл күрделі мәселенің бастауына айналады. Мұның неге әкеліп соғатынын әртүрлі елдердегі
жағдайлардан көріп отырмыз. Этникалық тегіне қарамастан, еліміздің әрбір азаматына Конституциямен тең мүмкіндікке кепілдік беріледі. Бұл – болашақта да бұлжымайтын қағида», – деді өз сөзінде Ерлан Жақанұлы.

Мұнан соң штаб мүшелері өңірдегі жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлық құрамымен, студенттермен кандидаттың сайлауалды бағдарламасының білім және ғылым саласындағы басымдықтарынталқылады.

М.Х.Дулатиатындағы Тараз өңірлік университетінде өткен бұл кездесуге 500-ге жуық адам қатысты. Көпбалалы аналармен кездесу барысында кандидаттың әлеуметтік саладағы саясатының негізгі басымдықтары қозғалды.

 

«Аq jol»-Aqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support