Білім

Қонаев қаласында заманауи жаңа мектептер салынады

Қонаев қаласында заманауи жаңа мектептер салынады

Алматы облысының тұрғындарымен кездесу барысында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов білім беру саласындағы проблемалық мәселелерді шешу бойынша жұмыс туралы айтып берді. ҚР оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Қонаев қаласына келіп, халық алдында есеп берді. Халық алдында есеп берген ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов білім саласындағы түйткілді мәселелерге тоқталды. Өңірдегі ең үлкен мәселе – үшауысымды мектептер жайы екенін атап өтті. Бұл мәселені шешу мақсатында «Жайлы мектеп» жобасы аясында республикалық бюджет есебінен 50-ден астам жаңа, заманауи мектеп салынатынын айтты.

Одан кейінгі үлкен іс – тәрбие жұмысы. Тәрбиеде бірізділік жоқ. Осы орайда Абайдың «Толық адам» концепциясын негізге алып жаңа жүйе жасаудамыз. Мектептер сол бағыт бойынша жұмыс істейді. Балаларды тамақтандыру да үлкен мәсееле. Олар бүгінде дәрумені бар ас ішіп жатыр ма? Мектеп асханалары қалай жұмыс істеуде? Ондағы баға қандай? Осыған мән беріп, мектеп асханаларының балаларға қолжетімді болуын қамтамасыз етпекпіз. Колледждерге де академиялық дербестік берілуде. Ендігі ретте типтік бағдарламамен шектеліп қалмай, жұмыс берушілердің сұранысына орай сол өңірге қандай мамандар керек, сол мақсатта өз бағдарламаларын құрып, жұмыс істейтін болады.