- Advertisement -

Оқу-жаттығуы жиыны өтті

55

- Advertisement -

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде «КАМАЛ» оқу-тактикалық жаттығуы өтті. Шынайы ұрыс жағдайында өткен жаттығудың басты мақсаты – тосыннан келетін кез келген қауіп-қатердің алдын алуға деген дайындықты пысықтау.

Жаттығу барысында мекеме қызметкерлерінен арнайы жасақ құрылып, нұсқаулық бойынща әрекет жасалды. Дабыл қағылған соң, лезде аумақ қоршауға алынып, емін-еркін жүруге шектеу қойылды. Мекеме әкімшілігінен арнайы штаб құрылды. Жаттығу бірнеше сағатқа созылып, оның барысында шабуыл мен жасанды жарылыс болды.

Айта кетейік, бұл тактикалық жаттығу құқық қорғау қызметкерлеріне тәжірибелік сабақ болды. Жаттығу кезінде ҚАЖ қызметкерлері қауіп төнген кезде қимылдау алгоритмін тағы бір пысықтады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support