- Advertisement -

Талапты жастар топ жарды

232

- Advertisement -

Ел ертеңі – жастарды қолдау, олардың бойындағы талантты тану қашанда маңызды. Тараз қалалық «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырған «Біз таланттарды іздейміз!» атты облыстық байқаудың басты мақсаты да тұла бойы жалын мен арманға толы жастардың мүмкіндіктерін ашу болды.

Байқауға жоғары оқу орындары мен колледждерден 20 үміткер қатысып, бақ сынады. Олар ән айту, күй тарту, авторлық өлең оқу, мәнерлеп оқу, ана қасіреті жайлы шығармадан үзінді оқу, би билеу, аспапта ойнау бойынша өнер көрсетті. Аса қызықты өткен байқауда бас жүлде М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Сақ қыздары» би тобына берілді. Ал жүлделі бірінші орындарды авторлық өлеңі бойынша Тараз инновациялық кәсіптік колледжінің студенті Аяулым Момыналы, «Ән орындау аталымы» бойынша М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенті Аяулым Байболова жеңіп алды. «Аспапта орындау» бойынша Қалмырза Рахымбердиев, «Күй тарту» аталымы бойынша М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Тұмарша» тобы, «Мәнерлеп оқу» бойынша аталған өңірлік университет студенті Нұрсұлу Сәден, «Көркемсөз оқу» аталымы бойынша халықаралық Тараз инновациялық институтының студенті Данабек Мұратов дара деп танылды. Іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне аталған қалалық «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Ақтолқын Әмірбекова үлес қосқанын айта кеткен жөн.

Байқауды қазылар алқасының мүшелері, Қазақстан домбырашылар одағы облыстық филиалының төрағасы, танымал күйші, айтыскер Дидар Басықараев, әнші, өнер жанашыры Алмабек Мәмбетәлиев қорытындылап, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дипломдармен, сыйлықтармен марапаттады.

 

 Есет ЖАҢАБАЙҰЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support