- Advertisement -

Ұлт ұстазына құрмет

59

- Advertisement -

Өзінің озық білім, елеулі еңбегімен халқына рухани ілім берген ағартушы ғалым, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы еді. Ғалымның 150 жылдығына орай «Ұлттың рухани көшбасшысы» тақырыбында «А.Байтұрсынұлы оқулары – 2022» қалалық байқауын Тараз қалалық білім бөлімінің техникалық орталығы ұйымдастырды.

Байқау ақынның өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу, ғалым жайлы зерттеу жұмыстары, ғалымға арналған авторлық өлең аталымдары бойынша бағаланды. Қазылар құрамында Абай атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі директорының орынбасары Назым Мұхамбетиярова, қалалық техникалық шығармашылық орталығы әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Айнұр Тілемісова, аталған орталықтың бұқаралық бөлімінің меңгерушісі Ұлжан Жамалова болды.

Бір қуаныштысы, әулиеаталық оқушылар Байтұрсынұлы әлеміне бойлап, мысал өлеңдерін қызыға жаттап, ғылыми терең ізденіске барған. Ондай ынта-жігер әр оқушының бойынан байқалды. Нәтижесінде «Қырық мысал» аталымы бойынша Жансұлу Ахмет бірінші орынды жеңіп алса, Ерзат Сәрсебек екінші, Аяулым Мейрамбек пен Мадина Несіпбай үшінші орын жүлдесіне ие болды. Зерттеу жұмыстары мен ғылыми жоба бойынша техникалық шығармашылық орталығының қатысушысы Әмина Ботан жеңімпаз атанса, №12 мектеп-гимназиясының оқушысы Айлара Қалдыбек екінші орын алды.

Авторлық өлеңін арнау бойынша техникалық шығармашылық орталығының оқушысы Арайлым Жарылқасын жеңімпаз деп танылса, Лилия Еркебайға – екінші, Нұрай Есенғалиға – үшінші орын бұйырды.

Қазылар алқасы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дипломмен және сыйлықтармен марапаттады.

 

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support