- Advertisement -

Сұлутөрде спорт кешені салынуда

95

- Advertisement -

Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, оларды спортқа баулу мақсатында мемлекетіміз кешенді жобаларды қолға алуда. Ауданымызда бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жүргізілуде десек, сөзімізге Айшабибі, Қаракемер, Өрнек, Гродекова және Сұлутөр ауылдарында салынып жатқан заманауи үлгідегі спорт кешендері дәлел бола алады.

Жобалық құны 323 млн 690 мың теңгені құрайтын әмбебап спорт кешені Сұлутөр ауылында бой көтеруде. Құрылыс жұмыстарын «Ай-Дин» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алған жоба республикалық бюджеттен қаржыландырылуда. Жоба 2023 жылға өтпелі. Ауылдағы игілік туралы Қарой ауылдық округінің әкімі Әсет Үрпеков:

– Бүгінде ауыл балаларына еңселі спорт кешені салынуда. Ағымдағы жылға 203 иһмлн теңге қаралып отыр. Спорт кешенің табантасы әзірленіп, темір қанқалары орнатылуда. Жастардың көптен бері айтылған өтініші орындалып келеді. Құрылыс жұмыстары әркез бақылауымызда, – дейді ол бізбен әңгімесінде.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support