Әлеумет

Қазақстандық оқушылар үшін мектеп формасының нұсқаларын кеңейту жоспарланып отыр

Қазақстандық оқушылар үшін мектеп формасының нұсқаларын кеңейту жоспарланып отыр

Пиджак, жилет, шалбар, юбка және жейдеден тұратын қазіргі мектеп формасымен қатар оқушыларға пиджак пен жакетті түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардигандарға ауыстыруға, сондай-ақ күнделікті киіп жүрген жейделерін поло жейделерге ауыстыруға мүмкіндік беріледі. Алайда киімнің түсі, стилі және басқа да тұстары мектеп әкімшілігімен келісілуі керек. Бұл ҚР Оқу-ағарту министрлігі қолданыстағы бұйрыққа енгізуді ұсынып отырған толықтырулардың арқасында мүмкін болады.