- Advertisement -

Еңбегі ерлікке толы мамандар

55

- Advertisement -

Қаратау әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағының құрылғанына биыл 60 толып отыр. Жауынгерлік әзірлік пен қырағылықты қажет ететін жасақ құрамы осы аралық ішінде қаншама апатты жағдаймен бетпе-бет келіп, қаншама адамды ажал құрығынан аман алып қалды. Еңбегі ерлікпен пара-пар, қызметі қауіп-қатерге толы жасақтың тарихы аймақтағы тау-кен өндірісінің дамуымен қатар аталады. Бүгінде Қаратау әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағы құрамындағы «Шолақтау» тау-кен құтқару бөлімі, Талас өрт сөндіру бекеті, Жаңатас және «Еврохим» әскерилендірілген тау-кен құтқару пунктерінде 77 адам жұмыс жасайды.

Қызметі «Қазфосфат» ЖШС-ның өндіріс орындарымен тығыз байланысты мекеменің 60 жылдығына арналған шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды. Салтанатты шара барысында аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков ізгі лебізін білдірсе, «Шолақтау» тау-кен өндеу кешенінің өндіріс басшысы Құдияр Омаров, «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінің өндірістің қауіпсіздік жөніндегі директоры Сергей Смефурак және Кәсіби әскерилендірілген авариялық құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы Оңтүстік Қазақстан филиалының директоры Болат Күшікбаев мекеменің құрылу тарихына тоқталып, жеке құрамның еңбектеріне табыс тіледі.

Мұнан соң Болат Закирұлы аудан әкімін авариялық-құтқару қызметінің арнайы техникаларымен, қажетті құрал-жабдықтармен және олардың атқаратын жұмысымен таныстырды.

Елімізде авариялық-құтқару жасағының қарым-қабілетін сынап, біліктілігін ұштауға арналған оқу-жаттығу шахталарының саны көп емес. Соның бірі – өндіріс аймағы саналатын Қаратауда орналасқан. Жерасты оқу-жаттығу орындары – нағыз тәжірибе алаңы. Мұнда жеке құрам төтенше жағдай алдындағы дайындықтарын ширатып, міндеттерін нақтылай алады. Өз кезегінде Нұрбол Әбдімәжитұлы оқу-жаттығу шахтасын аралап, өндіріс орнында өрт болған жағдайда жеке құрамның шұғыл әрекеті мен әзірлігін пысықтауға арналған оқу-жаттығуын тамашалады.

Қаратау әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағының 60 жылдығына орай еңбектегі табандылығымен мекеменің бірқатар қызметкерлері марапатталды. Кәсіби әскерилендірілген авариялық құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабының мерекелік медальдарын, Құрмет грамотасын және аудан әкімінің Алғыс хаттарын мекеменің мәжіліс залында өткен салтанатты жиында Нұрбол Жүнісбеков және Болат Күшікбаев табыс етті.

 

Талас ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support