- Advertisement -

Серпіліс сыйлаған сұхбат

340

- Advertisement -

«Aq jol» газетінің 100 жылдық мерейтойына орай М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің филология және журналистика кафедрасының студенттері аталған газет ұжымымен кездесу өткізді. Кездесудің басты қонақтары – басылымның бас редакторы Хамит Есаман, «Әлеумет» бөлімінің меңгерушісі Гүлжан Рахман және тілшілер Эльвира Жарылқасынова мен Нұржан Қадірәлі студенттермен еркін, ашық сұхбат жүргізді.

«Газет 1922 жылдары «Вольная беднота» газетінің қосымшасы ретінде шыға бастады. 1944 жылы «Коммунист», одан кейін «Сталиндік жол» деген атаумен шығып жүрді. 1990 жылдан бастап «Aq jol» деген атпен жарық көре бастады», – дей келе, Хамит Есаман өзінің ғасырлық тарихында өзекті мәселелерді көтере білген бірегей газеттің тарихына, оның сапалық мазмұнына тоқталды.

Өз кезегінде «Әлеумет» бөлімінің меңгерушісі Гүлжан Рахман университет қабырғасында білім алып жүрген болашақ мамандарға журналист болудың қыр-сырын үйрететін кеңестерімен бөлісіп, ұсынысын ортаға салды. Жастарды ең алдымен кітап оқуға шақырды. Ал тілші Эльвира Жарылқасынова қалай редакцияға жұмысқа келгенін, ондағы қиын да қызықты сәттерін айтып ой бөлісті. Мұнан соң университетіміздің түлегі, ақын Нұржан Қадірәлі өзінің «Ақиқаттың айбары» болған «Aq jol» газетіне арнау өлеңін оқыды. Газеттің ақпарат саласындағы маңызын жан-жақты түсіндірген Нұржан Қадірәлінің «Өзгерісті өзіңнен баста» деген сөзінің де біздерге әсері зор болды.

Кездесуде студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, журналистерден лайықты жауап алды.

Басқосу соңында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің басқарма төрағасы-ректордың міндетін атқарушы Гульвира Айдарханқызы журналистерге алғысын білдіріп, оларға «қонақ дәрісін» оқу идеясын жеткізді. Өз кезегінде журналистер де ұсынысты қолдап, студенттерді редакцияның күнделікті тыныс-тіршілігімен танысуға шақырды.

 

 Серікболсын СЕРПЕН,

М.Х.Дулати атындағы

Тараз өңірлік

университетінің 2-курс студенті

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support