Құқық

Прокурор Бақытгүл Хаменованы мүлкін тәркілеп, 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Прокурор Бақытгүл Хаменованы мүлкін тәркілеп, 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Прокурор Лаура Асанова Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменоваға мүлкін тәркілей отырып, белгілі бір мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан және 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бұл туралы ATPress.kz хабарлады.

Сондай-ақ, прокурор облыстық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиевке орта қауіпсіздік мекемесінде 7 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал пара берді деп күдіктелген Адамовқа орташа қауіпсіздік мекемесінде 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын ұсынды.