Ең жас... ...директор
Ең жас... ...директор
«Жас келсе – іске» деген. Бұл күнде Тәуелсіздік құрдастары да ат жалын тартып мініп, басшылық қызметтердің тізгінін ұстай бастады. Солардың бірі – Байзақ ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар орталығы» мекемесінің директоры Ернұр Мадияровтың жасы 23-те. Ернұр мемлекеттік жастар саясатына ерте араласты. Еңбек жолын 2010 жылы «Еркін Пікір» жастар қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары қызметінен бастап, «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалының жастар саясаты жөніндегі консультанты, «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы, «Жамбыл облысы ауыл жастары одағы» корпоративтік қорының атқарушы директоры, Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Тараз жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аға кеңесшісі, облыстық «Жастар орталығы» мекемесінің бөлім меңгерушісі болып еңбек етті.