Қарты бар ел – қазыналы
Қарты бар ел – қазыналы
Жуырда Мәдімәр ауылындағы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте «Қарты бар елдің қазынасы бар» тақырыбында кездесу кеші ұйымдастырылды. Кешке ауылдың қадірлі қариялары шақырылып, оқушыларға өз өмірлерінен естеліктер айтып, ақыл-кеңестерімен бөлісті. Оқушылар көптеген өлең-жырларын оқып, өнерлерін ортаға салды. «Тоқта балам, атаң келер артыңда» атты көрініс көрсетті. Ата-әжесі бар үйдің балалары да өзгеден ерек болып, қариялардың ыстық алақанынан дәм татып, жауһар сөздерін саналарына сіңіріп өсетіндігі білінеді. Ата-дәстүр салтымыздан таймай, ескі ғұрыптармен немерелерін нағыз қазақтың салтын сақтар бабалардың жолыменен жүретін өр рухты қазақты тәрбиелеп өсіреді. Сондықтан да болар, қарты бар үйден қазақилықтың исі аңқып тұрады.
Кәмшат ОРАЗБЕКОВА,
Ш.Уәлиханов атындағы орта
мектептің бастауыш сынып мұғалімі.
Байзақ ауданы.